Астана қаласында ҚМДБ өкілдігінің ұйымдастыруымен Астана қаласы имамдарының жиналысы өтті. Жиында құрбан айт мерекесін жоғары деңгейде атап өту мәселелері талқыланды.
Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасына орай, Құрбан айт мерекесін бұқаралық сипатта тойлау мақсатында қаладағы «Нұр Астана» орталық мешіті мен «Әзірет Сұлтан» «С.Ғылмани» мешіттерінің алаңына киіз үйлер құрылып, спорттық-мәдени шаралар өткізілетін болады. Бұл күндері қаланың бас имамдары тарапынан елордалық бүлдіршіндерге де сый-сияпат әзірлеу қарастырылмақ.
Атап өткен жөн, елімізде құрбан айт мерекесі 24-26 қыркүйек күндері тойланады. Осыған орай, Астана қаласындағы мешіттердің ішкі-сыртқы аумақтарында тазалық жұмыстары жүргізіліп, қалалық деңгейде «Раббың үшін құрбан шал!» қайырымдылық акциясы қолға алынбақ. Аталмыш шара жылдың 25 қыркүйек күні сағат 10:00-де «Алтын таға» мал базарында өтеді.
Сонымен қатар,Астана қаласы әкімдігінің ұйытқы болуымен қала маңынан арнайы құрбандық шалатын орындар әзірленеді. Сол орындарда ғана құрбандық шалу керектігі жөнінде халықты ақпараттандыру жұмыстары жүргізілмек.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.09.2015
3184
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру