Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имамның қалалық мешіттегі сұхбаты

10.09.2015 3389 0 пікір

Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков Жаңаөзен қаласына арнайы барып, қалалық мешітте бесін намазын жамағатпен оқып, «Адалдық пен әділдік» тақырыбында тұшымды да, тартымды уағыз айтты. Яғни мұсылманның бойынан табылуы керек болған адалдықтың қандай болатынын, оған жарасар әділдіктің белгісі қалай болу керектігін ғибратты оқиғалармен жан-жақты етіп түсіндіріп өтті. Мұсылман тек намазбен ғана шектелмейтінін, оның бойында Құран мен сүннетте бұйырылған жақсы қасиеттердің болуымен ғана кемелденетінін баса назарда тоқталып өтті.

Өкіл имам барлық мешіттерге арнайы барып, мешіт жамағатына уағыз айтуды жүйеге қойған. Кейде бесін намазынан кейін айтса, кейде шам мен құптан аралығында уағыз айтып келеді. 

Маңғыстау облыстық орталық мешіттің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру