Қыркүйек айының 8-жұлдызында Атырау облысына қарасты "Иманғали" орталық мешітінде қала және аудан имамдарының қатысуымен кезекті жиын өтті.
Жиналыс барысында ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының имамдарға жүктеген төрт бағыт бойынша атқарылу барысы сұралып, сауат ашу орталығына шәкірттер дайындау талап етілді. Сондай-ақ, Құрбан айт қарсаңында бұқара халықтың ынтымағын арттыратын мерекелік шаралар ұйымдастыру, құрбан еттерін тізім арқылы жағдайы төмен отбасыларға тарату және өзге де қайырымдылық шараларын өткізу жүктелді.
Қала, аудан имамдары да құрбан айтқа деген дайындықтарын айта келе өз ұсыныстарын ортаға салды.
Сонымен қатар, күн тәртібінде «Иман» және «Ислам және Өркениет» басылымдарына жазылдыру жұмыстарын ұйымдастыру, қайырымдылық, сауат ашу, уағыз-насихат және жат ағымның алдын-алу секілді маңызды мәселелер де талқыланды.
"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.09.2015
3216
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру