Жуырда, Шымкент қаласында орналасқан облыстық орталық мешіті мен облыстық «Зекет» қорының ұйытқы болуымен «Мектепке жол» бағдарламасын қаржыландыру мақсатында қайырымдылық жәрмеңкесі болып өтті.
Қайырымдылық жәрмеңкесі үш күнге жалғасты. Шара барысында күнделікті тұрмыстық тұтыну заттары мен өзгеде тауарлар өте арзан бағада сатылымға шықты. Жалпы, қайырымдылық жәрмеңкесінен жалпы соммасы 530 000 (бес жүз отыз мың) теңгені құрады.
Бұл түскен қаржыға 200 оқушының мектепке қажетті құрал-жабдықтары т.б. заттары алып берілді. Облыстық «Зекет» қорның жетекшісі Ө.Сапарқұловтың айтуынша бұл шара алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.
Осы шараға азда болса қолдау білдіргендерге Алла разы болсын!
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.09.2015
2988
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру