Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жастармен кездесу өтті

10.09.2015 3610 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің имамдары жоғары және орта арнаулы оқу орындарына түскен студент жастармен кездесулер өткізуде.

Кезекті кездесудің бірі  - қаламыздағы іргелі оқу орнының бірі И.Әбдікәрімов атындағы аграрлы-техникалық колледжінде өткізілді. Кездесуге орталық «Ақмешіт – Сырдария» мешітінің найб имамы, жастармен жұмыс жөніндегі қызметкері А. Жарқынбеков және «Айтбай» мешітінің найб имамы, ұстаз Б.Дайрабай қатысты. Жастармен өткен кездесу барысында оларға дін мен дәстүрдің сабақтастығы, имандылық, ата-анасы сыйлау және білім алудың маңыздылығы турасында уағыз-насихаттар айтылды.

Сонымен қатар, кездесуге қатысушы жастарға дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану, олардың жетегінде еріп кетпеудің жолдары туралы да ақпараттар берілді.

Кездесу соңында жастар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауаптарын алып, аталмыш оқу орнының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Сайдулла мешіт имамдарына алғысын жеткізді.

Бұл бағыттағы шаралар алдағы уақытта да барлық оқу орындары мен аудандарда өз жалғасын табатын болады.  

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру