Қыркүйек айының 8-күні "Иманғали" орталық мешітінде қала және аудан имамдарының қатысуымен «Ислам, ғылым, мәдениет» атты дөңгелек үстел жиыны өткізілді.
Кездесуде ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров өңір имамдарының бас қосуының басты себебіне тоқтала келіп: "Ислам діні – ақыл-ой мен зердені талап ететін ілім діні. Әлемде білім мен ғылымды парыз санайтын исламнан басқа діннің жоқ болуы да – осының айғағы. Ал мұның мәнісі алғашқы аятында-ақ оқуға бұйырған қасиетті Құран Кәрімде терең айтылады", - деп атап өтті.
Өңір имамының пікірін жалғай түскен облыстық Дін істері басқармасының басшысы Еркінбек Шохаев асыл дініміздің келешегін кемелдендіру жолында діни сауаттылықтың бүгінгі сәтте маңызы ерекше екеніне тоқталды.
Басқосу соңы тақырып аясында еркін пікір алмасуға ұласып, имамдар өз тәжірибелерімен бөлісті. Өйткені, өңір имамдары исламның ғылым мен мәдениетке үндейтінін және ұлтымыздың ұйытқысы екенін әркез халыққа насихаттап келеді.
"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.09.2015
3438
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру