Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Дүниежүзілік суицид күні қарсаңындағы іс-шара

10.09.2015 4252 0 пікір

10-қыркүйек дүниежүзілік суицид күні. Аталмыш күн қарсаңында Алматы қаласы «Арафат» мешітінің Бас имамы Ануар Ізімбайұлы Алматы қаласы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мамандарымен өткен екі күндік семинарда баяндама жасап, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Суицид ислам шариғаты бойынша орны толмас үлкен қасрет екендігі жайлы қасиетті Құаранда «Ниса» сүресінің 29-аятында  «өз өздеріңді өлтірмеңдер (және соған апаратын бұзықтыққа бармаңдар). Расында (сендерді бұдан тыйған) Алла сендерге ерекше мейірімді»-деген. Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Сендердің біреулерің өзіне өлім тілемесін. Бәлкім, егер ол жақсы пенде болса, ұзақ өмір сүріп, жақсылығы көбейе түсер, сөйтіп, (өмір) ол үшін жақсы болар. Бәлкім, егер жаман адам болса, жамандығынан қайтарылар»-деген. 

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру