ҚМДБ-ның Павлодар облысы өкілдігіне қарасты қала, аудан имамдарының кезекті көшпелі жиналысы өкіл имам Н.Исеновтың ұйымдастыруымен Лебяжі ауданында болып өтті. Кезекті жиналыста ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазретттің тапсырмасына орай Құрбан Айт мерекесін жоғары деңгейде ұйымдастырып өткізу туралы өкіл имам Н.Исенов имамдарға нақты міндеттер жүктеді. Келесі кезекте қала, аудан имамдары шілде, тамыз айларында ҚМДБ-дан бекітілген төрт бағыт бойынша атқарған іс-қызметтерінің қысқаша есептерін жасап, тиісті қорытынды бағаларын алды.
Сонымен қатар, 2016 жылға ҚМДБ-ның төл басылымы болушы «Иман» журналы мен қоса «Ислам және Өркениет» газетіне жазылу жұмыстарын ұйымшылдықпен ұйымдастыру туралы баспасөз хатшысы А.Тойшыбайұлының хабарламасын тыңдап пәтуаласты. Мешіттердің қысқы дайындығы т.б әртүрлі ағымдағы мәселелер бойынша имамдардың ұсыныстары тыңдалып, нұсқаулар берілді.
Соңында Лебяжі ауданы мәдениет үйінде жергілікті өнерпаздар мен арнайы шақыртылған айтыс ақындары қатысқан мәдени шараны тамашалаған имамдар аталмыш шараны ықшам да нәтижелі түрде ұйымдастырған Лебяжі ауданының бас имамы Мақсат Сансызбайұлына алғыстарын білдіріп, кезекті қыркүйек мәжілісін қорытындылады.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
09.09.2015
3359
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру