Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ мүшесі Семей аймағында

09.09.2015 3154 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасымен РАНТ мүшесі, теолог Арман Қуанышбаев Семей қаласына ат басын тіреді.

Алғашқы күні уағыз-насихат жұмысы – Семей қаласындағы Семей Медициналық Академясынан басталды РАНТ мүшесі, теолог Арман Қуанышбаев медицина мамандары мен жастар арасында қазіргі діни  ахуал жөнінде түрлі насихат айтып өтті. «Ислам – экстремизмге түбегейлі қарсы!» тақырыбында өткізілген кездесу кезінде, сан алуан сұрақтарға жауап беріліп, жастарымыздың теріс ағым ықпалына түсіп кетпеуіне жалпы қоғам болып жұмылу қажеттілігі сөз болды.

Кешкісін ақшам құптан арасында Семей аймағының өкіл имамы Алтыбай Мақсат  келген жамағатқа РАНТ-ның мүшесі, теолог Арман Қуанышбаевты  таныстырып өтті. Кездесуде теолог Арман Қуанышбаев  «Құранның қадір қасиеті» жайында уағыз айтып, жиылған қауым ұйып тыңдап, мешіт іші жамағатқа лық толы болды. Құраннан, аяттан, сахих хадистерден дәлел келтіріп, кеңінен тақырыпты ашып түсіндірді. Жамағатты бірлікке, ынтымаққа шақырды.

Кездесу соңында жамағат тарапынан сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар алды. 

Семей орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру