Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қайырымдылық - жүректерге қуаныш сыйлады

09.09.2015 3379 0 пікір

Қайырымдылық жасау – имандылық нышаны, Алла-тағаланың разылығына бөлейтін амал. Жәрдемге мұқтаж жандарға керек кезінде  қол ұшын созу – сауапты іс.

Жуырда Рудный қалалық «Нұр» мешіті жүрегі жомарт жандарды тарта отырып, қайырымдылық шарасын өткізді. Шара барысында мешіт ұжымы көп балалы көмекке мұқтаж әр отбасыға бір қойдың еті берілді. Қамқорлыққа бөленген отбасылары мешіт қызметкерлеріне шынайы алғыстарын  білдірді.

– Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тікелей тапсырмасы бойынша еліміздегі барлық мешіттерде төрт бағытта жұмыс істеу қажет еді. Соның ішіндегі қайырымдылық шараларының шапағаты мол, орны ерекше – дейді, Рудный қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Сейіт Темірбекұлы. 

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру