Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Елорда имамдары мен ұстаздарына арналған семинар өтті (ФОТО)

09.09.2015 3306 0 пікір

«Әзірет Сұлтан» мешітінде Астана қаласы Дін істері Басқармасы басшысы қызметін атқарушы Әлмұқанов Нұрдәулет мырзаның ұйымдастыруымен дін қызметкерлеріне арналған семинар  болып өтті. Еліміздегі дәстүрлі емес діни ағымдар мен секталар жұмысы жайлы айтылып, бүгінгі қоғамның өзекті мәселелері талқыланған семинар отырысына елорадалық имамдар мен Дін істері комитеті қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында Дін істері комитеті Исламдық діни бірлестіктермен байланыстар басқармасының бас сарапшысы Мейрам Өткелбайұлы мен Дін мәселелерін зерттеу және талдау орталығының директоры Айнұр Әбдірәсілқызы қатысып, теріс ағымдар турасында баяндамалар жасалды. Күрмеуі қиын кей мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, түйткілді оқиғалардың түйінін имамдар қауымымен бірлесе шешуге бағытталды.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру