2015-2016 оқу жылына Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің дайындық курсы талапкерлерді қабылдайды. Исламтану мамандығына ниет етуші 120 шәкіртке арналған Дайындық курсының зәулім ғимараты білім алу, құлшылық-ғибадаттарға қолайлы, заманауи талапқа сай салынған.
Оқу мерзімі – 8 ай. Құран Кәрім, араб тілі, ислам фиқһы, ақида, сира пәндері бойынша жүйелі түрде сабақ жүргізіледі. Қазақстан тарихы мен қазақ тілі, ағылшын тілі пәндерінен тест емтихандарына дайындық сабақтары беріледі. Бұл Дайындық орталығы Нұр-Мүбарак университетін таңдаған талапкерлер үшін таптырмас мүмкіндік. Себебі, дәрістерді Мысырдағы Әл-Әзһар университетінің түлектерінен іріктелген білікті мамандар жүргізеді. Әрі мысырлық ғылым докторлары сабақ беретіндіктен, білім талапкерлеріне болашақта Нұр-Мүбарак университеті қабырғасында шет елге бармай-ақ ислам ғылымын тереңдетілген бағдарламалармен меңгеруге жол ашылмақ.
Дайындық курсына орта мектепті тәмамдаған жасы 30-ға толмаған ислам талаптарына бойұсынушы талапты, қабілетті жастар қабылданады. Жатар орын, ас-тағамдары толықтай тегін.
Құжаттар 20 қыркүйек пен 2 қазан аралығында қабылданып, 3-5 қазан аралығында сұхбат өткізілмек.
Қажетті құжаттар:
1. Өтініш;
2. Жеке куәлік көшірмесі;
3. Аттестат немесе диплом (түпнұсқа);
4. 3x4 мөлшердегі 6 фотосурет;
5. 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама+ флирография түсірілімі;
6. Наркологиялық анықтама;
7. Сотталмағандығы туралы анықтама.
Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы 73, «Академиялық қалашық» аялдамасы.
Телефондар: 8 /727/ 302-09-40, 302-09-42. Факс: 8/727/ 302-09-30. Ұялы тел: 8702 108 17 18
Сайт: www.nmu.kz E-mail: nur-mubarak2001@mail.ru
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
09.09.2015
5021
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру