Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имамдар бас қосты

08.09.2015 3308 0 пікір

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтановтың бастамасымен Орал орталық мешітте «Құрбан» айт мерекесіне байланысты жиын өткізді.

Бұл шараға облыстық дін істері басқармасының өкілдері, «Орал» орталық мешітінің «Ақсақалдар» алқасының төрағасы Нәдір қажы Абдықаев, облыс, қала, аудан, ауыл имам-молдалары қатысты.

Орал орталық мешітінің хатшысы Ержан Жұмағожа Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының «Құрбан» айт мерекесіне орай жолдаған хаттың жиналған қауымға оқып берді.

Өкіл имам  Руслан Тыныштықұлы: Келе жатқан Құрбан айт мерекесімен жиналған қауымды құттықтап, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Маямеровтың ыстық сәлемін жеткізіп, айтқа байланысты нақты тапсырған тапсырмаларын  орындап, жоғары деңгейде  өткізуді қала, аудан имамдарына жүктеді. Ұлық мейрамда қазақтың киіз үйі мен ұлттық ойындары болып, қала, аудан, ауылдарда көрікті, әсем жерлерге баннерлер ілініп, қайырымдылық көмек  жасап келе жатқан ел ағаларына, иманды азаматтарға «Алғыс» хаттар  берілісін. Айтта сойылған еттерді жетім –жесірлерге, отбасы төмен жандарға, балалар үйі мен қарттар үйіне таратылсын, ертеңгі болашақ атқа мінер азаматтарымыз балаларға сыйлық беріліп, ұлық мерекені сезіндіру керектігін жеткізіп, Ақжайық, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Бөкейорда аудандары мен Жалпақтал, Орда ауылдарының мешіттерін аралағандығын тілге тиек етіп, жасалып жатқан жұмыстарына тоқталды.  

Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру