Діни рәсімдерді өтеу барысында қоғамға жағымсыз көріністерге тосқауылдар қою, сонымен қатар жаназа рәсімі кезінде атқарылып жатқан шариғатқа қайшы әртүрлі іс-әрекеттерді болдырмау, ол әрекеттеріміздің екі дүниеде де болатын зардаптарын халыққа кеңінен насихаттау мақсатында облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің ұйымдастыруымен қалалық мешіттерге қарасты қызметші молдаларға арналған бір айлық оқыту, білім-біліктілігін арттыру семинары-сабақтары жүргізілген болатын.
Бұл семинарға Павлодар облысына қарасты мешіттердің 40-тан астам молдалары қатыстырылып дәрістер оқылып, пікірталас, семинар сабақтары ұйымдастырылған еді. Оларға облыстық орталық мешіттің және қалалық мешіттердің білікті имамдарымен қатар, «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің ұстаздары ақида, фиқһ, ислам әдептері т.б басқа да пәндерден бекітілген бағдарлама бойынша арнайы курс-сабақтан бір ай бойы аптаның дүйсембі,сейсембі, сәрсембі күндері дәріс берді. Осы оқыту-семинардың қорытындысы ретінде жуырда облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде қызметші молдаларға арнайы куәліктер тапсырылды. Куәлік діни іс-қызметін пәтуаларға сай дұрыс орындап жүрген молдалар үшін әр 3 ай сайын мерзімі ұзартылып отырады. Ал олай етпеген жағдайда куәлік қуатсыз етіледі.
Куәлік тапсыру рәсімінде облыстық өкіл имам Н.Исенов: «Алланың үйі болған мешіттердің шариғи талаптарға сай атқарып жатқан іс-қызметтеріне тұрақты көмек көрсетіп, дәстүрлі дініміздің аясында әдет-ғұрыптарымыздың атқарылуына үлкен қолғабыс жасап келе жатқан сіздер қарапайым молда ғана емес, халықтың рухани ұстазысыздар. Біз сіздер арқылы халықты тәрбиелейтін боламыз. Алда мешіттер атынан қызметші молда ретінде діни рәсімдерді үлкен жауапкершіліккпен атқаратын боласыздар»,-деді.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.09.2015
3390
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру