Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Дін-тәрбие діңгегі (ФОТО)

08.09.2015 4733 0 пікір

Бүгінгі күні діни ахуалдың өршіп тұрғаны жасырын емес. Дәстүрлі емес діни ағымдардың жұмысына бей жай қарауға  болмайды. Осыған орай Алматы облысының дін істері басқармасы Панфилов ауданының орталығы Жаркент қаласында «Дін-тәрбие діңгегі» атты кеңейтілген дөңгелек үстел өткізді. Шараны облыс әкімінің орынбасары Өнербаев Бахтияр Әлтайұлы жүргізді.

Елдің кемел келешегі иманды жастар болатындығын, Талдықорған өңіріндегі жастар ісі бойынша меңгерушісі Ардақ Нүсіпханұлы халықтың жүргегіне жеткізе білді. Сондай-ақ заман талабына сай жат ағымдардан сақтану мақсатында әлеуметтік желілермен сайттардан сақтанудың жолдары да назардан тыс қалмады.

Іс шара барысында дәстүрлі емес діни ағымдардың сипаты, қоғамға кері әсері жайлы айтылып кеңінен түсіндірілді.

Тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін елімізде ұлтаралық, дінаралық татулықтың сақталуы маңызды. Қазақ халқының 550 жылдық мерекесіне орай, «Шаңырақ –мәңгілік елдің бастауы» атты акция аясында осындай тәрбиеләк мәні бар 550 іс шара  өткізілмекші деді, облыс әкімдігінен келген басшылар.

Панфилов аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру