Семей қаласы Қос мұнаралы орталық мешіті қажылық маусымына орай ұйымдастырылған семинар өтті. Семей аймағынан аттанатын жерлестерімізге мұсылманның бесінші парызы – қажылықтың мән-маңызы, ондағы рәсімдер, қажылықтың парыз болу шарттары, Ихрам хәліндегі жағдай, ұстанатын шарттар мен тыйымдар, Арафа мен Мұздалифа жазығындағы амалдар, Минадағы рәсімдер, Тәшриқ күндері, Ихрамнан шығу, парыз тауабы мен сағи, Әйелдерге қатысты үкімдер секілді маңызды тақырыптарда түсіндірме жүргізілді. Өкіл имам Алтыбай Мақсат қажылыққа ниетті жандарға тілектестік білдіріп, Қажылық – исламдағы бес парыздың бірі. Құранда Алла Тағала былай бұйырады: «Қажылық және умраны Алла үшін толық орындаңдар» («Бақара» сүресі, 196-аят). Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді: «Кімде кім Алла Тағала ризашылығы үшін қажылық жасаса, жаман сөзден, жаман қылықтардан, күнәлардан сақтанса анасынан туылғандай пәк болып қайтады». Қажылықтың әр минутын құлшылықпен, дұға-тілекпен өткізудің сауабы мол, Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Қабыл болған қажылықтың сыйы – жәннат», - дейді. Өкіл имам биылғы қажылық сапарының жағымды жаңалықтарын да атап өтті.
«Көңіл көкжиегіміз иман шуағымен кеңіп келе жатқаны ең алдымен бір Алланың, онан соң осы мемлекетіміздің дінге қамқорлығының арқасында болып отыр. Мешіттеріміз де көбеюде. Қажылыққа барушылар қатары да артып келеді. Бұрындары қажылық квотасы да аз болатын. Меккеге тікелей әуе рейсі де болмай, үшінші ел арқылы баруға мәжбүр едік. Енді осы мәселелердің бәрі ретімен шешімін тауып келеді. Биылдан бастап Сауд Арабиясы корольдігімен ортақ келісім нәтижесінде халықаралық «FlyNas» әуе компаниясы еліміздің қажыларына қызмет көрсетеді. Енді Джидда қаласына тіке әуе рейстері қатынайтын болады. Бұл әрі уақыт жағынан да, қаржылық жағынан да тиімді болмақ», деп айтып өтті өкіл имам. Шынында Алла қабыл болған қажылықты нәсіп етсін.
Семей орталық мешітінің баспасөз қызметі




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.09.2015
2926
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру