Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Облыс басшысы аудандық мешітте болды (ФОТО)

07.09.2015 3651 0 пікір

Оңтүстік Қазақстан облысының жаңадан тағайындалған әкімі Атамқұлов Бейбіт Бәкірұлы Мақтарал ауданына болған іс-сапарын аудандық орталық «Нұғман» мешітінен бастады.

Облыстың жаңа басшысын аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев күтіп алып мешітке бастап келді. Қадірлі қонақтарды мешіт ауласынан ауданның Бас имамы Бекзат қажы Сыздықов және Жетісай қаласының әкімі Байдуалы Базарбаевтар күтіп алды. Қонақтар екі ракат мешітке сәлем намазын оқығаннан кейін ата-баба аруағына Құран оқытып, дұға бағыштатты. Алла Тағалаға жасалған дұға-мінәжаттан кейін жаңадан салынып, жақындағана ел игілігіне пайдалануға берілген орталық мешіттің дәрісхана, кітапхана, неке қию бөлмесі, әйелдер бөлмелерін аралап көріп, мешіттің тыныс-тіршілігімен жақыннан танысты.

Ауданның Бас имамы Бекзат қажы Сыздықов өз кезегінде Бейбіт Бәкірұлына жаңадан тағайындалған қызметіне игілік тілеп, қасиетті Құран Кәрім кітабын сыйға тартты.

Мақтарал аудандық орталық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру