Алматы қаласы, Алатау аудандық «Бекет ата» мешітінің ұжымы мен мешіттің тұрақты жамағатының ұйытқы болуымен «Қапшағай» қаласы маңындағы «Көлді» ауылында орналасқан «Әлім Баба» мешітіне қайырымдылық көмек жасады.
Қайырымдылық көмек барысында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік таратылды. Ауыл тұрғындарының ұйымшылдығы арқасында жалақымен қамтамасыз етіліп жүрген аталмыш мешіттің Бас имамы Байболат Базарбайға 100 000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.
Сондай-ақ 160 отбасылық тұрғыны бар ауылдың ауызбіршілігі арқасында бой көтерген Алла үйіне арнайы азан айтуға арналған 200 000 теңгелік құрылғы (дыбыс ұлғайтқыш) сыйға берілді.
Көлді аулына арнайы ат басын тіреген «Бекет ата» мешітінің Бас имамы Дәуренбеков Орынбасар қажы мешіт жамағатымен жүздесіп, уағыз-насихат жүргізді. Ауыл ақсақалдары келген қонақтарға ақ дастархан жайып, ізгі ниеттерін білдірді.
Бас имам алдағы уақытта да қайырымдылық көмек жалғасатынын жеткізді.
Алатау аудандық «Бекет-ата» мешітінің баспасөз қызметі





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.09.2015
3418
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру