Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков жұма күні Бейнеу аудан орталығы Бейнеу ауылына арнайы барып, жұма намазын өткізді. Бейнеу ауданы облыс орталығынан ең шалғайдағы аудан болып саналады. Аллаға шүкір уақыт өткен сайын мешіт жамағаты көбейіп, дінге бетбұрыс қуантарлық жағдайда.
Өкіл имам жұма намазына жиылған жамағатқа уағыз айтып, артынан намазды өткізді. Намаздан кейін аудан әкімі Б.Азирхановпен кездесіп, аудандағы діни ахуал жайында әңгімелесті. Өкіл имам аудан басшысына мешітке жасап жатқан қамқорлығы үшін алғысын білдірді. Себебі биылғы жылы аудандық мешіт 400 орынға кеңейтіліп, жалпы 700 адам бір мезетте құлшылық ету мүмкіншілігіне қол жеткізді. Мешіт құрылысына қажетті демеушілерді аудан әкімі тауып, 2 айдың ішінде бітірткен еді.
Өкіл имам сол күні шам намазынан кейін жамағатқа тұшымды уағыз айтып, уағыз соңында жамағаттың сұрақтарына жауап берді.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.09.2015
3444
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру