Павлодар облысы «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінде қажылар қауымдастығының қалалық бөлімшесімен бірлесіп ұйымдастыруымен болашақ қажыларға арнап ақ дастархан жайылып, дұға жасалды. Оған өкіл имам Нариман Исенов, қалалық қажылар қауымдастығы бөлімшесінің алқа мүшелері, орталық мешіттің наиб имамдары және болашақ қажылар қатысты. Дастархан басында облыс имамы Нариман Ермпекұлы Құран сүрелерін оқып, дұға жасаумен қатар, қажылыққа ниетті жандарға тілектестік білдіріп, құлшылыққа қатысты ақыл-кеңесімен бөлісіп, биылғы қажылық сапарының жағымды жаңалықтарын да айтып, болашақ қажылардың сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар қалалық қажылар қауымдастығының төрайымы Рымтай қажы Сапарбекқызы, Тұяқ қажы, Нұрсұлтан қажы, Наурызбай қажы, Ғабиден қажы, Бауыржан қажы қатарлы көптеген адамдар болашақ қажыларға арнап мұсылманның бесінші парызы – қажылықтың мән-маңызы, ондағы рәсімдер, қажылықтың парыз болу шарттары, Ихрам хәліндегі жағдай, ұстанатын шарттар мен тыйымдар, Арафа мен Мұздалифа жазығындағы амалдар, Минадағы рәсімдер, Тәшриқ күндері, Ихрамнан шығу, парыз тауабы мен сағи, әйелдерге қатысты үкімдер секілді маңызды тақырыптарда кеңінен әңгімелеп берді. Соңында болашақ қажыларға арнап дайындаған жол-жоралғы, сый-сияпаттарын табыс етті.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.09.2015
3596
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру