Маңғыстау облыстық орталық мешітінде алдағы құрбан айт мейрамы және қажылық мәселелеріне арналған жиын өтті. Оған қала және аудан имамдары қатысты. Күн тәртібіндегі маңызды істерге тоқталған өкіл имам С.Сейтбеков бас мүфтидің бекіткен төрт бағыт бойынша жасалған жұмыстарға тоқталды. Ағымдағы жылдың үшінші тоқсанын қорытындылаған имамдар бұдан әрі де уағыз, қайырымдылық, жат ағымдармен күрес, сауат ашу курсы жұмыстарын жалғастыра беретіндігін айтты. Өкіл имам республикамыздағы медреселер мен Нұр-Мүбарак университетіне шәкірт дайындауда жақсы көрсеткіш көрсеткен имамдарға алғыс білдірді.
Жиын барысында Құрбан айтта өткізілетін шаралар талқыланып, қасиетті мейрамды жоғары деңгейде өткізу үшін бағдарлама жасалды. Сондай ақ, қажылық туралы сөз қозғаған өкіл имам С.Сейтбеков қажылыққа барам дегендерге жеңілдіктер жасалып жатқанын имамдар халыққа жеткізуін ескертті.
Жиын соңында Құрбан айт шараларына әзірлік жұмыстары жақсы өткізілуі қайта пысықталып, имамдарға тапсырмалар берілді.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.09.2015
3320
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру