Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Барыңмен бөліс!» қайырымдылық қызметінің кезекті шарасы

04.09.2015 3140 0 пікір

Павлодар облыстық «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің «Барыңмен бөліс!» атты қайырымдылық қызметі жуырда кезекті қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Шара арқылы  мұқтаж болған 15 отбасыға әрқайсысына 4-5 мың теңге көлеміндегі қаражатқа азық-түлік салынған пакетті (ұн, күріш, қант, шай, өсімдік майы, әртүрлі макарон өнімдері) үлестірумен қатар, тағы да 3 отбасының  биыл 1-сыныпқа баратын 3 баласына сумка, оқу құралдарын сыйға тартты. Сонымен қатар мешіт жамағаттары мен ауқатты адамдар арқылы жиналған ер, әйел адамдар, балаларға арналған қыс, жаздық киімдер, бас киім, аяқ киімдер де  адамдардың таңдауына сай үлестіріп берді.

Көмек алған отбасы мүшелері де үлкен ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

Осы орайда биылға «Мектепке жол» акциясы бойынша ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша мешіттерінің ұйымдастыруымен барлығы 900 мыңнан астам теңгенің көлемінде қаражатпен балаларға  қажетті оқу құралдарын алып беріп  үлес қосқан болса, соның ішінде «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің ұйымдастыруымен 500 мыңнан астам сомның көлемінде қаражат арқылы мұқтаж болған 34 отбасының мектеп жасындағы 57 баласына көмек қолы созылған еді. 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру