Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Болашақ қажыларға арнап дастархан жайылды

03.09.2015 3220 0 пікір

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен Орал орталық мешітінің Бас имамы Руслан Тыныштықұлының ұйымдастыруымен болашақ қажыларға арнап ақ дастархан жайылып, дұға жасады.

Оған өкіл имам Руслан Сұлтанов, облыстық дін істері басқармасының басшысы Талғат Нығметов, орталық мешіттің «Ақсақалдар» алқасының мүшелері, болашақ қажылар қатысты.

Дастархан басында облыс имамы Руслан Сұлтанов қасиетті құран кәрімді оқып, дұға жасады. «Қажылық» жайында уағыз айтып кеңінен түсіндіріп, сауалдарына жауап берді. Қазіргі уақытта Дінбасымыз Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен қажылық сапарға баруға жеңілдіктер ұсынуда. Оған дәлел Орал орталық мешітінің найб имамы Бақытжан Сабыралиев «Нұр-Мүбарак» универсетінің биылғы түлегі, аз уақыт ішінде байсалды, көркем мінезімен, білімімен, ұжым мен жамағат арасында өзін көрсете білгені үшін Бас мүфтидің атынан қажылыққа аттанады, - деді өкіл имам.

Одан кейін облыстық дін істері басқармасының басшысы Талғат Рақымұлы да өзінің қажылық сапары турасында сөз қозғаса, Нәдір қажы Абдукаевта өз тілегін білдірді.  

 ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру