Науан хазрет атындағы Көкшетау орталық мешіті мен жергілікті «Зекет» қорының өкілдігі жыл сайынға дәстүрмен жаңа оқу жылы қарсаңында балаларға сыйлық жасады. Бұл жолы шәкіртке қажетті қоржындар мен құрал-саймандар тегін таратылды. Қаланың аз қамтылған және көп балалы отбасылардың 210 балаларына арнайы дайындаған сыйлық үлестірілді.
Алдымен облыс имамы Қанат Қыдырмин жиналғандарға білім жайлы уағыз айтты. Шариғаттағы білімнің маңызы жайлы тағылымды әңгіме жұрт назарына ұсынылды. Ал, мешіттің іс басқарушысы Жүнісбек Әленов бата беріп, жас ұрпақ өкілдеріне білім көкжиегінің биігінен көріне берулерін тіледі.
Жергілікті «Зекет» қорының өкілі Ерболат Шәріпов мұндай қайырымдылық шаралар жалғасатынын айтты. Әсіресе, қараусыз қалған жандар мен жетім-жесірлерге мейірімділік көрсетілмек. Бұл асыл дініміздің ең тағылымды бір сипаты. Сондықтан ата-аналар да риза көңілдерін білдіріп, ақ жарма тілектерін жолдады.
Бақыт СМАҒҰЛ,
Ақмола облысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.09.2015
3255
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру