Биылғы жылы тағы да бір кең көлемде аталып жатқан мерейлі мерекенің бірі - Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы Шардарада да жоғары деңгейде аталып өтті. Аудандық «Абай» Мәдениет сарайында өткен алқалы жиында аудан әкімі Қамытбек Айтөреев құттықтау сөз сөйледі.
1995 жылы қабылданған Конституция әлеуметтік - экономикалық дамудың жаңа жолдарын, демократиялық қоғам құрудың маңызды қадамдарын айқындап берді. Осы жылдар ішінде егемен еліміз демократиялы зайырлы қоғам құру, жаңару жолдарының бірқатар сатысынан өтті. Тарихқа көз жүгіртсек, заңдар жинағы «Қасым ханның қасқа жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысынан» бастау алады екен. Қасымханның қасқа жолы, Есімханның ескі жолы, Әз Тәукенің Жеті жарғысынан бері қарай Дала заңымен үндесіп, ғасырлар бойы адамзат өркениетімен бірге дамып келе жатқан бүгінгі тәуелсіз еліміздің Конституциясы - бейбітшілігіміздің, бірлік пен берекелілігіміздің кепіліне айналды, - деді Қамытбек Нұржанұлы.
Мерекелік баяндамадан соң жемісті қызмет атқарған бір топ еңбек ардагерлері мен бүгінгі таңда қажырлы қызмет істеп жүрген бір топ азаматтар түрлі наградалармен марапатталды. Аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Тәңірберді Ағманұлы, аудандық мәслихат хатшысы Тоқсанбай Бердібеков, Қоссейіт ауылының әкімі Жолдас Асқар, Т. Тәжібаев атындағы орта мектеп директоры Тағабек Әліпбаев, аудан әкімінің орынбасары Бақтыбай Әліпов, Қ.Тұрысбеков ауылы әкімінің кеңесшісі Жамалхан Әуелбеков, «Өскен өңір» газетінің редакторы Есенбай Бейсенбиев, аудан имамы Асылхан Данияров, «Ернұр - пресс» ЖШС - і аудандық бөлімшесінің директоры Гүлдана Дауылбаева, аудандық мәдениет сарайының қызметкері Ағабек Дөңбаев, аудандық №2 спорт мектебінің директоры Бақытжан Ереханов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімінің бас маманы Буажар Есбосынова, аудан әкімі аппараты персоналды басқару бөлімінің басшысы Қалдықыз Қошимова, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Бибігүл Көшекеева, «Нұр арна» СПК төрағасы Полатбек Күметов, аудан әкімі аппаратыұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы Құдайберген Маханов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мырзабай Нұрманов, аудандық емхананың бас дәрігері Жанар Оспанова, «Серманизов и К» ЖШС - інің төрағасы Бақытжан Сермаңызов сынды азаматтарға аудан әкімі Қамытбек Айтөреев Елбасының 2015 жылғы 5 тамыздағы №59 Жарлығы бойынша берілген «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалін көпшілік алдында салтанатты жағдайда табыс етті. Сондай - ақ, тағы да бір топ азаматтар Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік белгісімен және аудандық мәслихат хатшысының «Алғыс хаттарымен» марапатталды.
Марапат соңы аудан өнерпаздарының концертіне ұласты.
Аудан әкімі аппаратының баспасөз қызметі

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.09.2015
3546
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру