Батыс Қазақстан облысының өкіл имамы Руслан Тыныштықұлы шалғай аудандардағы діни ахуалдың жай-жапсарымен танысты.
Алғашқы сапарын Жәнібек аудандық мешітінен бастады. ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов мешіт жамағаттарымен жүздесіп, жат ағымдармен жүрген бауырымызға асыл дініміз жайында тоқталып, Әбу Ханифа мәзхабы турасында кеңінен тоқталды. Одан кейін Сирия елінен кеткен бауырларымыз біздің өлкемізден кеткендігін айтып, тек дінді мешіттегі имамдар мен ұстаздардан үйрену керектігін жеткізді. Жамағат арасынан ардагерлер алқасының мүшелері мен жамағат сұрақтарына толықтай тұшымды жауабын берді.
Кездесу соңында Жәнібек ауданының бас имамы Есенболат ағамызға қасиетті Құран Кәрімді табыс етті.
Ержан Ергенұлы,
Облыстық орталық мешіт қызметкері
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.09.2015
3360
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру