Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Білім күнінде өткен қайрымдылық акциясы

02.09.2015 3753 0 пікір

Еліміз бойынша мешіттер арасында жүргізіліп жатқан «Мектепке жол» қайрымдылық акциясы жалғасуда.

Алматы қаласы, Бостандық ауданында орналасқан «Орбита» мешіті білім күні қарсаңында әлеуметтік жағдай төмен отбасындағы балаларға қайрымдылық акциясын жасады. Мешіт ұжымы мектеп жасындағы 70 баланы мектепке керекті оқу құралдарымен қамтамасыз етті.

Құран Кәрімнің «Сәбә» сүресінің 39 аятында: - «Алланың жолында не жұмсасаңдарда Алла тағала міндетті түрде оның орнын толтырады» деп, пендесіне айқын уәде еткен. Ал адамзаттың асылы болған Пайғамдарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім бір жақсылық жасаса, оған оның он есе қарымы беріледі» - деген.

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру