Шымкент қаласындағы облыстық орталық мешіт пен облыстық «Зекет» қорының ұйытқы болуымен “Мектепке жол” қайырымдылық акциясы болып өтті.
Қайырымдылық шара барысында облыс имамы Ахметжан қажы Керімбек сөз сөйлеп, көмекке зәру 200 оқушыға мекепке қажетті құралдарын табыс етті.
Қайырымдылық акцияның негізгі мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептермен мектептен қалып қоятын балаларға көмек көрсету.
Акция барысында баларға мектеп формасы мен сөмкесі, дәптер, қаламы т.б. секілді заттар қамтылды.
Осы орайда, бір айға созылған «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы облыс деңгейінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Осы шараның қорытынды бойынша облыс көлемінде 1572 отбасыға құны 7805 100 (жеті миллион сегіз жүз бес мың бір жүз) теңге көлемінде көмек көрсетілді.
Қол үшін беріп, демеушілік танытқан барша азаматтарға Алла разы болсын!
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.09.2015
3013
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру