Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жалғасуда

01.09.2015 3706 0 пікір

ҚМДБ-ның бастамасымен қолға алынған «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында Ақтөбе облыстық «Нұр-Ғасыр» орталық мешітінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті.

Қасиетті Құран Кәрімнің  «Бақара» сүресінде «Жақсылық жасауда өзара жарысыңдар» дегендей, Аллаһ жолында мұқтаж жандарға көмектесу мұсылман баласы үшін дәрежесі биік, нығметі зор абзал амал екені анық. Қоғамдағы бауырмалдық пен мейірімді, жылулық пен адамдар арасындағы қарым-қатынастың ізгі байланысқа ұласуы үшін де қайырымдылық пен қамқорлық сипатының әр адам баласының бойынан табылуы керек-ақ.

Осындай игі қасиеттер мен сипаттарды негізге ала отырып, Пайғамбарымыздың үмметтіне қалдырған асыл сипат, көркем мінез-құлық сүннетіне сай амал етуді басты ұстанымға айналдырған мешіт ұжымы әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасы мүшелеріне мектепке қажетті оқу-құралдарымен, киім және басқа да білім алуға қажетті құрал- жабдықтармен жәрдем етіп, көмек көрсетті.

Қайырымдылық іс-шарасына қатысқан отбасылар мен ата-аналар қуанып, акцияны ұйымдастырушы мешіт ұжымы мен қызметкерлерге алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Қандай да болмасын, кіші немесе зор болсын, сауапты істі жасаудан бас тартпауды өсиет еткен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) насихатына сай, қашан да қоғамымыздан жақсылыққа ұмылушы, осындай абзал амалдарға асығушы мейірбан қазағымыздың ұл-қыздары елімізде көбейе берсін демекпіз.

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру