Шымкент қаласында орналасқан облыстық орталық мешітінде қала, аудан имамдарының қатысуымен шұғыл жиын болып өтті.
Оған облыс имамы А.Керімбек, Қазақстан қажылар қауымдастығы діни бірлестігінің төрағасы Е.Дуанаев, «Сембекова и К» қажылық фирмасының басшысы Б.Сембекова арнайы қатысып, сөз сөйледі.
Жиын барысында қажылық мәселелері кең көлемде насихаттау қажет екендігі баса айтылды. Алдағы уақыттарда қажылардың санын арттыру бағытында жан-жақты жұмыстарды қолға алу сынды өзекті мәселелері айтылды.
Сондай-ақ, жиын барысында қала, аудан имамдарына алдағы Құрбан айт мерекесін жоғары деңгейде өткізу, газет пен журналға жазылу мәселелері, мешіттерді қысқы маусымға дайындау, ЖАНТ жұмыстары, діни сауат ашу курстарының жұмыстарын жандандыру туралы нақты тапсырмалар берілді.
Жиын соңында облыс имамы А.Керімбек қажылыққа ниет еткен азаматтарға қажылық туралы мәлімет беріп, діни сауаттарын арттырып, түсіндіріп және ережелеріне қанық етуді атап өтті.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.09.2015
3067
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру