Биыл еліміз үшін айтулы меркелер жылы десек артық айтқандық болмас. «Қазақ хандығының 550 жылдығы», «Ұлы жеңістің 70 жылдығы», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл». Осындай айтулы мерекелер барысында көптеген азаматтар Елбасымыздың жарлығымен марапатталып жатыр.
Елбасының жарлығына сәйкес Маңғыстау облысынан бірнеше азаматтар «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Сол азаматтардың ішінде Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
28-тамыз күні «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» толуына орай облыстық драма театрда үлкен шара өтті. Осы айтулы шарада Маңғыстау облысының әкімі Айдарбаев Алик Серікұлы көптеген азаматтарға Елбасының жарлығына сәйкес мерекелік наградаларды тапсырды. Өкіл имам С.Сейтбеков те облыс әкімі А.Айдарбаевтың қолынан «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалін алды.
Имамдарға беріліп жатқан марапат дінімізге жасалған құрмет деп білеміз. Барша имамдарымыздың қызметтеріне сәттілік тілейміз.
Маңғыстау облыстық орталық мешіттің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.09.2015
3263
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру