Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жармұхаммедте өткен Құран жарысы (ФОТО)

29.08.2015 3718 0 пікір

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жармұхаммед ауылы, «Жармұхаммед» мешітінде мектеп оқушылары арасында  Құран Кәрім жарысы өтті. Бұл жарысқа мешіт жанындағы сауат ашу курсында діни білім алып, Құран жаттап жатқан 30-дан астам мектеп оқушылары қатысты.

Құран жарысына ҚМДБ-ның «Иман» журналының Бас редакторы Оңғар қажы Өмірбек, ҚМДБ-ның заңгері Сағиджан Дәулетияр, «Нұр-Мүбәрак» университетінің ұстазы Данияр Абдуссамад және ҚМДБ-ның «Ғаламтормен жұмыс» бөлімінің референті Берік Арғынбекұлы қатысып, құрметті қонағы болды.

Алғы сөзді ауыл ақсақалдары мен Құран жарысына келген қонақтар осы игі шараға мұрындық болған азаматтарға алғыс білдіріп, жарысқа қатысушы шәкірттерге сәттілік тіледі. Жармұхаммед ауылының имамы Ерғали Батырғали Құранды үйреніп және жаттаудың екі дүниеде бақытқа кенелетін сауап амал екенін айтып, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің басты талап, сауат ашу курстарының жұмысын жандандыру тапсырмасының орындалуына имамдар барша күш-жігерін салып, ұлағатты бұл шара алдығы уақытта да жалғасын тауып, жыл сайынғы мешітте жасалынатын әдетті үрдіске  айналу керектігін де атап өтті.

Жиын барысында оқушылар арасынан үздік шәкірттер сарапталып, жүлделі орынға ие болған шәкірттерге планшет және велосипед үлестіріліп, басқа да қатысушы талапкерлерге естелік сыйлықтармен марапатталды. Құран жарысының соңы сауабы мол жиынға және Алла разылығы үшін жиналған  мұсылман қауымының мерекелік дастарханымен аяқталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру