Бүгін ҚР Конституциясының 20 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды Ата заңымыздың 20 жылдық мерейтойымен құттықтады.
«Біз барын бағалап, қадірлей біліп келе жатқан еліміз. Азаттығымыздың айшықты айғағы болған Ата заң тәуелсіздіктің бізге берген теңдессіз тартуы болып саналады .Сан буын ұрпақ алмасса да ескірмейтін, жыл өткен сайын жаңғыра беретін құндылықтардың жинағы. Мемлекетіміздің алтын қазығын қадірлеу әрбір қазақстандықтың қасиетті парызы болып саналады», - деді Елбасы.
Мемлекет басшысы Конституцияның әрбір сөзін мүлтіксіз орындап, бұлжытпай сақтасақ, алар асуымыз әрдайым асқақ болатындығын баса атап өтті.
«Сол арқылы Мәңгілік Елдің тұғырын нығайтып, шаңырағын биіктете түсеміз. Ата заңымыздың мерейлі белесі құтты болсын! Елдігіміздің тұмары болып асқақтай берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!», - деді ҚР Президенті.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.08.2015
3671
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру