ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы ҚР Президентінің 2015 жылғы 5 тамыздағы Жарлығына сәйкес "ҚР Конституциясына 20 жыл" мерекелік медалімен марапатталды.
Аталмыш марапатты Қызылорда облысы облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы салтанатты түрде табыс етті.
Талғат Сейіткәрімұлы ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі ретінде аймақтағы діни ахуалдың тұрақтылығын нығайтуда, халық арасында Ислам дінінің насихатталуына, рухани-танымдық шаралардың үздіксіз ұйымдастырылуына, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыруға атсалысып келеді.
Өкіл имамның бастамасымен өңіріміздің дін саласында да, тың бастамалар мен тағылымды шаралар жүзеге асуда. Үлгі боларлық бастамаларымен, игі еңбегімен көптің алғысына бөленіп, дінге қызмет етудің озық үлгісін көрсетіп жүрген Талғат қажы Сейіткәрімұлын мерекелік медалімен шын жүректен құттықтап, қызметіне береке, отбасына амандық тілейміз.
Өз кезегінде Т.Омаров аймақ басшысына, қызметіне ризашылық білдірген өңір тұрғындарына алғысын білдірді.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.08.2015
3498
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру