Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сыр өңірінде өткен жиын

28.08.2015 3265 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы қала және аудан имамдарына арнап жиналыс өткізді.

Күн тәртібінде алдағы уақытта уағыз-насихат жұмыстарын күшейту, шәкірттер даярлау, қайырымдылық шараларын көбейтіп, апталық есеп, мешіт тазалығы сынды мәселелерді назардан тыс қалдырмауды тапсырды.

Сонымен қатар, алда келе жатқан мұсылман қауымына ортақ мейрам Құрбан айт мерекесіне дайындық жұмыстары пысықталды.

Берілген тапсырмаларға сәйкес барлық қала және аудан имамдары тарапынан мекемелерде уағыз-насихат жұмыстары жүйелі жүргізіліп, Қазақстан Мұсылманды Діни Басқармасы тарапынан болған тапсырмалар сапалы орындалатын болады.

Өз кезегінде Т.Омаров шариғатқа сай ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға барынша жұмыла атсалысуға шақырып,  ҚМДБ тарапынан жарық көретін төл басылымдарға аймақ бойынша жазылу жұмыстарын арттыруды тапсырып, еңбектеріне береке тіледі.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру