Маңғыстау облыстық орталық мешітінде «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды. Игі шараға Ақтау қалалық Бекет ата мешіті мен Мұнайлы аудандық мешіті ат салысты. Сондай –ақ, Зекет қорының Маңғыстау өкілдігі тарапынан қаржылай көмек көрсетілді. Акция аясында барлығы 75 балаға мектеп құралдары салынған сөмке берілді.
«Бүгінгі шара бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасы бойынша жүзеге асты. Қазір республика бойынша барлық өңірдегі өкілдіктер жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетуде. Біздің мешітімізде көмек алуға жазылған адамдар тізімінен көп балалы отбасылар мен жесір аналар, мұқтаж жанұялар мен Оралмандарды бейімдеу орталығының тұрғындары таңдап алынды. Барлығы 75 баланы мектеп құралдарымен қамтамсыз еттік. Қайырымдылық акциясына 375 мың теңге жұмсалды» дейді ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы С.Сейтбеков.
Жолдасы қаржылық дағдарыстан жұмыс орнынан қысқартуға ұшырап, қиын жағдайға тап болып отырған жеті баланың анасы Бағдагүл Сәрсенова екі баласын ертіп келіпті. Ол мешіт имамдарына алғысын айтып, 4 баласының мектепке баратынын, тұрмыс тауқіметіне қолдау көрсетіп, жүгін жеңілдеткеніне өз ризашылығын білдірді.
Жаңа оқу жылына арналған акцияға облысқа қарасты аудандық мешіттер те өз үлестерін қосты. Оның ішінде Маңғыстау ауданы Шетпе кенті мешіті аудандағы 15 балаға сөмке мен мектеп құралдарын алып берді.
Ал Мұнайлы аудандық мешітінің бас имамы Айдос Муталиев көп балалы отбасылардың 2 баласын бастан аяқ мектепке дайындады. Оларға костюм –шалбар, көйлек, аяқ киім, спорттық аяқ киім, сөмке және оқу құралдары сатып алынды. Өзен қалалық мешіті 7 балаға мектепке қажетті құралдар алу үшін қаражат берді.
Осылайша «Мектепке жол» акциясы шеңберінде Маңғыстау облысындағы мешіттердің ұйытқы болуымен 100-ге жуық бала мектепке даярланды.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.08.2015
3848
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру