Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Астананың тағы бір мешітінде «Мектепке жол» акциясы өтті (ФОТО)

28.08.2015 3259 0 пікір

Астана іргесіндегі Теміржолшылар кентінде орналасқан «әс-Сәлам» мешітінің бас имамы Нұрбол Әбсаттарұлының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы болып өтті. Жаңа оқу жылы қарсаңында тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетіліп, 30 оқушы мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, оқушылар мен ата-аналарына мешіт атынан дастархан жайылып, ас берілді. Шара соңында оқушылардың ата-аналары  алғыстарын жеткізіп, осы шараға демеушілік жасаған барша азаматтарға игі-тілектерін білдірді.

Бас имам Нұрбол Абсаттарұлы мектеп шәкірттерін білім күнімен құттықтап, Бас мүфтидің бастамаcымен іске асырылып жатқан игі шараның маңыздылығына тоқталды. Бас имам өз кезегінде шәкірттерді мешіттен қол үзбей, иман нәрімен сусындап, «Мәңгілік елдің» білімді де, парасатты азаматтары болуға шақырды.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру