Үстіміздегі жылдың 25 және 26 тамызында ҚМДБ «Шымкент» медресесінде жаңа 2015-2016 оқу жылына шәкірттерді қабылдау емтиханы өтті.
Қабылдау комиссиясы құрамына ҚМДБ ОҚО бойынша өкіл имамы, «Шымкент» медресесінің директоры А.Керімбек, ҚМДБ діни білім және ғылым бөлімінің Бас маманы М. Жаппасбаев, медресе директорының орынбасары Н.Гаухаров, медресе ұстаздары З.Нұрсейітов және Д.Жомарт болды. Жалпы медресенің ерлер бөліміне 100-ден астам талапкер ниет білдірген. Оның ішінде 11-сыныпты бітірген 51 және 9-сыныпты бітірген 45 ер бала қабылданды.
Сонымен қатар, қыздар бөліміне 80-нен астам талапкер ниет білдірсе, оның ішінде 11-сыныпты бітірген 37 және 9-сыныпты бітірген 31 қыз бала қабылданды.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.08.2015
3231
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру