Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен іске асырылған «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық науқанына Елорда мешіттері өз үлестерін қосуда.
Игі шара аясында Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы өткізілді.
Акция аясында көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларының бүлдіршіндері, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылар, мүмкіндігі шектеулі балаларды қамтыған мектеп оқушыларына материалдық қолдау көрсетілді.
Бас имам Жұманазар Садырханов бүлдіршіндерді білім күнімен құттықтап, Бас мүфтидің бастамаcымен іске асырылып жатқан игі шараның маңыздылығына тоқталды. Бас имам өз кезегінде бүлдіршіндерді мешіттен қол үзбей, иман нәрімен сусындап, «Мәңгілік елдің» білімді де, парасатты азаматтары болуға шақырды.
Аталмыш шараға арнайы қатысқан Астана қаласы «Нұр Астана» орталық мешітінің найб имамы Әділхан Серікбай бүлдіршіндердің қуаныштарымен бөлісті.
Шара аясында Астана қаласы Сарыарқа ауданында тұратын 100 оқушыға тиісті оқу құралдары мен мектеп сөмкесін тарту етілді. Сонымен қатар, мектеп формасын алу үшін әр оқушыға 5000 тг көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. Осының нәтижесінде қамқорлыққа мұқтаж көптеген балалар жаңа оқу жылына даярлықпен баратын болды.
Осылайша, жылдағы үрдіс бойынша, «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы өз жалғасын тапты.











ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.08.2015
3321
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру