Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Бір баланы киіндір» және «Мектепке жол» акциясы өтті (ФОТО)

27.08.2015 3373 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында тұрмысы төмен отбасы азаматтарының балалары үшін арнайы қайырымдылық акциясын ұйымдастырады.

Биылғы жылғы қайырымдылық акциясы «Бір баланы киіндір» және «Мектепке жол» атауымен өткізілді. Қайырымдылық акциясының басты мақсаты - аз қамтамасыз етілген отбасылар мен көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мектепке барар кезінде демеу жасау, киім-кешек, аяқ-киім, кеңсе тауарлары және т.б. заттарға қажеттілігіне көмек беріп, қол ұшын созып, қамтамасыз ету болып табылады.

Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен болған шарада 400-ге жуық жас бүлдіршіндерге қайырымдылық жасалды. Аталмыш шараға қала тұрғындары мен көмек алушы отбасы мүшелері қатысып, іс-шара жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттандырылды.

Мұндай қаырымдылық шаралары алдағы уақыттарда да өз жалғасын табатын болады.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру