ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасына орай ұйымдастырылған «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы Алматы қаласы, Медеу ауданына қарасты «Фатима» мешітінде өз жалғасын тапты.
Бұл шараға Қазақстан халық ассамблеясы мен мешіт жамағаттары себепкер болды. Аталмыш шарада 40 мектеп оқушысына оқуға керкек құрал-жабдықтармен көмек көрсетілді.
Шара барысында «Фатима» мешітінің Бас имамы Мұсабек Тағанұлы балаларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім алу - мұсылманның ең үлкен міндеті екенін айтты. Жас шағында мейірім көрген баланың есейгенде де айналасына мейірім көзбен қарап, жаны жомарт болып өсетінін тілге тиек етті.
Қайырымдылық шараға атсалысқан жандарға бүлдіршіндер өз алғыстарын білдіріп, көңілді тарқасты.
Медеу ауданы «Фатима» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.08.2015
4134
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру