Ислам институтының директоры Кенжеәлі Мырзабаевтың ұсыныс білдіруімен елімізге белгілі республикалық ақпараттық – насихат тобының мүшесі Арман Қуанышбаев имамдар білімін жетілдіру ислам институтында имам-молдалармен кездесті.
Кездесу барысында Алланың жолында қызмет ету екі дүниеде абыройға жеткізетіндігін айтып, сол абыройға жету үшін ықыласпен қызмет етуге үндеді. Мешітке жан берудің бірден-бір жолы шәкірттер оқыту екендігіне тоқталып, бұл дүниеде оқытқан шәкірттеріңіз ақыреттегі жемістеріңіз. Ризығымыз Алланың қолында деп, имам-молдаларды аянбай қызмет етуге шақырды.
Сонымен қатар, Алмалы ауданы, Төлеби мешітінде бесін намазынан кейін жамағатпен жүздесіп, басшыға бағыну, отанды сүю жайында кеңінен тоқталды. Бүгінгі күннің басты мәселелердің бірі ажырасудың көбейгендігін айтып, шаңырағымыздың шайқалмауының бірнеше факторларына тоқталды. Сол факторлардың бірі Аллаға, ақыретке деген сенім және имандылық екендігін айтты. Жамағаттың бүгінгі күннің талабы болып отырған ғылым-білімге деген ынталарын оятып, бірлік қылып, тірлік қылуға шақырды.
Төлеби мешітінің тұрақты жамағатының бірі, дінімізге септігін тигізіп жүрген МұзАрт тобының музикалық продюссоры Арман Бексұлтанда қонақ ретінде қатысты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.08.2015
3453
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру