Қасиетті Құран Кәрімнің «Алақ» сүресінде: «Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен оқы!» - деген.
ҚМДБ-ға қарасты Павлодар облысындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесіне 2015-2016 оқу жылына қабылдау мақсатында талапкерлердің емтихан қорытындысы жуырда аяқталды.
Құрамында ҚМДБ-ның діни білім және ғылым бөлімінің меңгерушісі Б.Бейсенбаев, Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Н.Исенов, «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы Х.Аманқұлов, Н.Манапбаев, Д.Байдуллаевтар қатысқан қабылдау комиссия мүшеслері оқу жылына шәкірттер қабылдау емтиханын жүргізді.
20 тамыз және 22 тамыз күндері жүргізілген қабылдау емтихандарының қорытындысы бойынша емтиханға барлығы 23 талапкер қатысып, 23-і де оқуға қабылданды. Аталмыш діни оқу орнына емтиханнан сүрінбей өткен Павлодар облысынан – 9, Қарағанды облысынан - 3, Семей өңірінен - 7, СҚО-1, ОҚО – 2, Алматы облысы-1 талапкер енді «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінде білім алатын болады.
Алла Тағала ұрпақтарымызды байлық жинап жарысуда емес, ілім алуда жарысуын нәсіп еткей!
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.08.2015
3231
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру