Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты еліміздегі медреселерде жаңа оқу жылына қабылдау емтихандары басталды.
«Һибатулла Тарази» медресесінде қабылдау емтиханы өтіп, оған 21 үміткер қатысты. Қабылдау комиссиясының құрамында ҚМДБ Діни білім және ғылым бөлімінің маманы Марат Жаппасбаевтың төрағалығымен медресе директоры Данияр Жұмабаев, сондай-ақ, медресе ұстаздары Асхат Ақмамбетов, Ғалымбек Жапек, Сержан Алманов мүшелік етті.
1 талапкер сынақтан сүрініп, қалған 20-сы оқуға түсті. Алла жолында ілім алуға бел буып, медресе шәкірті атанғандарға сәттілік тілейміз!
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.08.2015
3606
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру