Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шәкірттерге сертификат табыс етілді

25.08.2015 3150 0 пікір

Жаз маусымы басталғалы ҚМДБ-сының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасы бойынша мешіттер жанында мектеп жасындағы  балаларға арналған жазғы сауат ашу курсы қолға алынған болатын.

Семей қалалық «Шәкәрім қажы» атындағы мешіт жанындағы сауат ашу курсында 20-ға жуық шәкірт діни сауатын ашты. Құран Кәрім әліппесін үйренумен қатар, олар ислам тағылымдары, мешіт әдебі, ата-анаға құрмет, Отанды сүю сынды тақырыптарда кеңінен мағлұмат берілді.   

Сауат ашу курсында дәріс алған шәкірттерге «Шәкәрім қажы» мешітінің  имамы Нұржақыпов Серікқали Бейсенұлы алғыс айтып, сертификаттарын табыс етті. Сонымен қатар, балаларға мектепке қажетті құрал-жабдықтарын сыйға тартты. Ата-аналары атынан дәріс беріп жатқан ұстаздарға алғыстарын айтты.

«Шәкәрім қажы» атындағы  мешіт алдағы уақытта да имандылық дәрістерін жалғастырмақ.  

Семей орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру