Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Мектепке жол» акциясына имамдарда үлес қосты

25.08.2015 3302 0 пікір

Жылдағы дәстүр бойынша тамыз айында жалпыға бірдей қайырымдылық айының қарсаңында «Мектепке жол» акциясына имамдарда өз үлестерін қосты.

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасына қарасты Батыс Қазақстан облысының өкіл имамы Руслан Султановтың мұрындық болуымен "Ивушка" Облыстық балалар туберкулез санаториясының оқушылары мен жағдайы төмен отбасылардың балаларын қолдау мақсатында 30-ға жуық оқушыларға мектепке қатысты оқу құралдары мен киім-кешегін үлестіріп қайырымдылық шара өткізді.

Шараға өзінің қамқорлығын танытып жүрген кәсіпкерлер мен имам-молдалар және ата-аналар қатысты. Облыс имамы Р.Тыныштықұлы: «Құрметті Егемен еліміздің ертеңгі болашақтары! Сіздерге ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тікелей тапсырмасын орындау және көмекке мұқтаж адамдарға көмектесіп, қайырымдылық жасау - имамдардың басты қызметі. Сондықтанда сіздер сабақта үлгілі болсын, жақсы оқып ата-аналарыңның үмітін ақтаңыздар», - деп өз сөзінде. Аталған балалар үйінің тәрбиешісі Алия хабиболлақызы "Мектепке жол" акциясынын ұйымдастырған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымына, жергілікті имам-молдаларға ризашылығын айтып, аналық алғысын білдірді.

Мұндай игі шара әлі де жалғасын таба бермек.

Ержан Жұмағожиев



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру