Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодардағы «Мектепке жол» акциясы

25.08.2015 3671 0 пікір

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Өзгелерге мейірім таныта алмаған адамға Алла тағала да қайырымдылық жасамайды» десе тағы бір хадисінде: «Алла Тағала ауыртпалыққа ұшырағандарға қол ұшын берген жандарды жақсы көреді», - деген еді. «Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады» дейді қазақ халқы. «Бір адам құдық қазса, мың адам су ішеді» деп те айтады.

Биылғы оқу жылы қарсаңында республикалық «Мектепке жол» акциясына  ҚМДБ-ның Павлодар облысындағы барлық мешіттері түгелдей атсалысты. Облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті бас имам Н.Исеновтың ұйымдастыруымен биылғы оқу жылы қарсаңында демеушілер көмегі арқылы  барлығы 550 мың теңге көлеміндегі қаражатпен 45 балаға сумка, оқу құралдары және киім-кешек көмектерін жасады.  Әлеуметтік аз қамтылған және мұқтаж болған отбасы балаларына жасалған аталмыш көмекті бас имам Нариман Ермекұлы балаларға табыстау барысында, оларға оқу-тәрбиеде  үлгілі  болып, болашақта отанымыздың жақсы азаматтары болуына  ақыл-кеңестер айтып,ақ батасын берді. Сонымен қатар бұл қайырымдылық шарасына қомақты үлес қосқан  «Нұрқай» фирмасының президенті Қайратбек Қалиұлына «Алғыс хат» табыстады.

Ал Екібастұз қалалық мешіті мүмкіншілігі шектеулі балалар оқитын Екібастұз қаласының №19 арнайы жалпы білім беру мектебінің жағдайы төмен бес отбасы балаларына мектепке керекті заттарды сыйға тарту етіп, көмек көрсетті. Сонымен қатар Шарбақты,Железин, Ертіс, Май, Лебяжі, Ақсу, Успен, Қашыр, Ақтоғай аудандары, қалалық «Ақмешіт», «Әбу Бәкір сыддық», «Ғазиз», «Бижан», «Ар-Рахман» мешіттері де әлеуметтік жағдайы төмен  отбасының балаларына, оқу-құралдарымен қамтамасыз ету қайырымдылық шарасына атсалысып көптеген мұқтаж адамдарға көмектер жасады. 

Әлбетте бұл шаралардың барлығы да жүрегінде иманы бар демеуші азаматтардың арқасында іске асқаны белгілі.  Алла Тағала  олардыңң атымтай жомарттықпен жасаған қайырымды ісітеріңізге сауабын молынан беріп, еңбетерің  жана берсін!

 Жүректерден мейірім, көңілдерден адал пейіл азаймасын! 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру