Семей қаласындағы Достық үйінде Семей қалалық ішкі саясат бөлімі, Жастар орталығы және «Жанұя» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізілді.
Шараны өткізудегі басты мақсаттардың бірі - жетім балаларға, ата-ана қамқорынсыз қалғандар мен күн көрісі төмен отбасылар балаларына әлеуметтік тұрғыдан қамқорлық көрсету болып табылады. Осының нәтижесінде балалар жаңа оқу жылына даярлықпен барады. Бұл жолғы шара да осыны мақсат тұтты. Достық үйіне қайырымдылық жасаушы мекеме өкілдері мен аз қамтылған отбасылардың балалары жиналған болатын.
Семей аймағы бойынша өкіл имам Алтыбай Мақсат Қуанышұлы балаларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім алу - мұсылманның ең үлкен міндеті екенін айтты. Жас шағында мейірім көрген баланың есейгенде де айналасына қамқор көзбен қарап, мейірімді болып өсетінін тілге тиек етті.
Қаламыздағы мешіттер бұл акциядан тыс қалған емес. Бұл жолы да әр мешіттің ат салысуымен оқушыларға арналған мектеп формасы, сөмкелер, оқу құралдары, табыс етілді. Мұның барлығы аз қамтылған отбасы балалары үшін үлкен көмек, елеулі демеушілік екендігі белгілі. Балалардың қуаныштарын бал-бұл жанған жүздерінен анық аңғаруға болады.
Семей орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.08.2015
3543
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру