Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қажылық курсы жалғасуда

24.08.2015 2861 0 пікір

Исламның бес парызының бірі қажылық.  Биылғы жылы қажылық парызын өтеуге ниеттенген жамағат әзірліктерін бастап кетті. Маңғыстау облысының өкіл имамы С.Сейтбеков аптасына 4 рет қажылық курсын ұйымдастырып, дәрістер өткізілуде. Аталмыш курс аптасына екі рет облыстық мешітте, 2 рет Мұнайлы аудандық мешітте жүріп жатыр.

Кезекті курс барысында өкіл имам қажылыққа баратын жамағаттарға дәріс берді. Дәріс барысында қажылықтың шарттары мен ережелерін түсіндірді. Тауап қалай жасалатынын, сафа мен маруа арасында қалай жүру керектігін, ихрамға кірген соң не нәрсеге мұқият болу қажеттігін түсіндірді. Қасиетті мекендегі құлшылықтарды қателеспей жасау үшін әрбір мәселені қазіргі таңдағы түсірілген суреттері арқылы түсіндіріп өтті.

Қажылық курсы қыркүйек айына дейін жалғасатын болады.

Маңғыстау облыстық орталық мешіттің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру