«Бір Аллаға сыйынып,
Кел, балалар оқылық....» деп ұран тастаған ағартушы ғалым Ыбырай Алтынсарин атамыз неге бімді Жаратушыға сыйынудан бастауға үндеді?... Бұл жерде ғұлама бабамыз Хаққа сыйынып, ақылмен алынған ілімнің басы да соңы да ізгілікпен өрілетінінен хабар береді. Жүрегінде иманы бар, рухы кемел адам жиған білімі мен алған ілімін қай уақытта да қоғамның бақытты болашағы үшін пайдаланады дегенді қандай көркем жеткізген.
Аягөз қалалық мешітінде «Аялы алақан» атты қайырымдылық акциясы өтті. Акцияға қалалық білім мекемелерінің әр – түрлі сыныптардағы 30 оқушы қатысты. Іс-шара аясында бас имам Думан Нәдірұлы ислам дініндегі білімінің маңызы мен қайырымдылық пен мейірімділік туралы тағылымды уағыз айтып балаларға мектепке қажетті оқу құралдары салынған сөмкені тарту етті. Сондай-ақ балғын балапандарға тәтті шиколад пен бамұздақ та үлестіріліп берілді. Осы орайда акцияның өтуі үшін демушілік танытып сөмке де басқа да құралдармен және қаржлай да өз үлестерін қосқан бірқатар азаматтар мен мешіт үйі қызметкерлерінің еңбегін айта кеткен жөн.
Акцяның жоғары деңгейде ұйымдастырылуы мен оқу жылының басында шәкірттері мен балаларына қуаныш пен қолдау жасаған қалалық мешіт пен демеуші азаматтарға қалалық №6 орта мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі А. Жобалаева мен ата-аналар алғыстарын білдірді.
Оқу жылының басында Алла үйінен кеп білімге қажеттілігін түгендеп жатқан шәкірттеріміз иманды да білімді болып өсіп ел игілігіне қызмет ете берсін деген тілектеміз.
Ермек ТҰРСЫНҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.08.2015
4224
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру